ЕРТЕҢ ҚЫЗЫЛОРДАДА ДАУЫЛ ТҰРАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 11 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел тұрып, шаңды дауыл соғады.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы