ЖАРТЫ ЖЫЛДА ЖЕТІ ЖОБА СУБСИДИЯЛАНДЫ
Қазалы ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша биыл құны 200,4 млн.теңге болатын 7 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы субсидиялануда.
Аталған бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 4 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы 81,0 млн.теңге кепілдік берілді.
Сонымен қатар, өз ісін бастау үшін аталған бағдарлама аясында 1 кәсіпкерге 500 мың теңге қайтарымсыз негізде грант берілді. Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалында «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы арқылы ағымдағы жылы 54 адам оқып, сертификаттарын алды.
Ауданда 2012-2016 жылдар аралығында жалпы құны 778,6 млн.теңге құрайтын 29 жоба екінші деңгейлі банктерден 569,6 млн.теңге несие алып, «Даму» КДҚ» АҚ арқылы субсидияланды. Аталған жобалар аясында 188 жаңа жұмыс орны ашылды.