ҚАЗАЛЫДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛАДЫ

Бүгінгі күні ауданда Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және елді мекендерде ішілік барлық ұзындығы 349,645 шақырым болатын 424 көше жол тораптары бар.
Жоғарыда аталған елді мекен ішілік көше автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында жыл сайын облыстық, республикалық бюжеттерге тиісті ұсыныстар беріліп келеді. Бүгінгі күнге аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге, қайта жаңғыртуға барлығы 365 063,0 мың тенге бөлініп отыр.
Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына да қаржы қаралып, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.