ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАР FTTH ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Осының нәтижесінде iD Net брендіндегі Интернет желісін пайдаланушылар саны 10900-ға жетті.
Қазіргі таңда iD Net брендіндегі Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметімен «Арай-2», «Арай-3», «Титов», «Сәулет», «Нұр Орда» шағынаудандарындағы жаңа үйлер тұрғындары қамтылды, деп хабарлайды Қызылорда ОДТ қоғаммен байланыс қызметі.
Қызылорда ОТД техникалық директоры Сәулебек Дүкенбаевтың айтуынша қаладағы әр ауданындағы жаңа үйлерді оптикалық желіге қосу жұмыстары аяқталды. «Осы жылы тағы 16 үйді оптикалық-талшықты желіге ауыстыру жоспарлануда»,- деді С.Дүкенбаев.