АСТАНАЛЫҚТАР «СЫР ШЕЖІРЕСІНЕ» ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арнайылап келген «Сыр медиа» ЖШС қызметкерлерінен құралған топ Астанадағы Қызылорда облысының мəдени күндерінің шымылдығын ашқан "Сыр шежіресі" атты қолөнер шеберлерінің көрмесімен танысты.
Көрмеге облыстық тарихи-өлкетану музейінің аймақтағы бай мәдени мұрадан сыр шертетін экспонаттары қойылыпты. Осымен қатар, облыстағы қолөнер шеберлері "Шығыс базары" жəрмеңкесінде де өз өнімдерін халыққа ұсынуда.
«Сырмедиалықтар» көрмені аралап, шеберлермен тілдесті. «Сыр шежіресі» ашылған сәттен-ақ оны тамашалаушылар қатары көбейгені көз қуантар көрініс болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл бөрме 20 тамызға дейін жалғасады.