МӘДЕНИ КҮНДЕР ШЫМЫЛДЫҒЫН КӨРМЕ АШТЫ
Бүгін Астанадағы «Қазанат» ипподромы жанындағы этноауылда Қызылорда облысының мәдениеті күндері ашылды. Онда қолданбалы өнер шеберлерінің, сондай-ақ шежіресі» атты аймақ тарихы мен мәдениеті көрмесі өтуде.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің айтуынша көрмеге аймақ қолөнер шеберлері лайықты туындыларымен келіп отыр.
Руслан Рүстемұлы қазақ даласындағы ең алғаш кәсіби көрме астана болған Ақмешітте ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен бірге қазақтың кәсіби театры да шымылдырығын Қызылорда қаласынан ашқан сәтте сол театрдың алғашқы кескіндемешісі болған Ләтипа Мұңайтпасова да Сырдың тумасы. Бұл осы топырақта қолөнер шеберлерлерінің салынған сара жолы бар екендігін көсетеді.