КІТАПХАНАДА ПАТРИОТТЫҚ КЕШ ӨТТІ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 9 тамыз күні Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен қызметкерлері арасында «Ұлттық рухтың қайнары» атты патриоттық кеш өткізілді.
Шара ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және «Тілдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Мақсаты отанымыздың Қарулы Күштерін мақтаныш ету,азаматтардың бойында отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлей отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу, туған тілімізді ұлықтау.
Шарабарысында департамент қызметкерлері «Ұлт рухының алтын қазығы» атты кітап көрмесімен танысып, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларынан дайындалған викториналықойынға қатысты. Сонымен қатар кітапхана бөлімдері жұмысымен танысты.