СЕЙСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ҚАР ЖАУЫП, БОРАН СОҒАДЫ
11 қарашада фронталды ағымдардың өтуіне байланысты республика аумағының кей жерлерінде қар жауып, боран соғып, тұман түседі, сондай-ақ көктайғақ болып, жел күшейеді, тек Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-батысы мен батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазақстанға Еуропалық Ресейдің арктикалық жағалауынан ауысқан антициклон республиканың солтүстік бөлігінде түнде ауа райын 13-19 градус аязға дейін суытты. Бірақ қарашада ауа райы құбылмалы болады. Ресейдің орталық аудандарынан жылы атмосфералық ағымдардың жақындауына байланысты солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, сондай-ақ температура түнде 5-13 аязға дейін көтеріледі», - делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күші 15-20 м/с құрайды. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан, түнде Жамбыл облыстарында кейбір аумақтарды тұман басып, көктайғақ болады.