ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨШЕ ШАМДАРЫН СЫНДЫРҒАН БҰЗАҚЫ ҰСТАЛДЫ

25 жастағы азамат түн мезгілінде көше бойындағы 3 жарық беру шамын істен шығарған. Қазіргі таңда оның бұл әрекетке бару себептері анықталуда.
Аталған бұзақылық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де ұсталған азаматтың кінәсі дәлелденсе, онда ол екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.