VII ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТ: АЛҒАШҚЫ ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Қызылордада жасөспірімдер мен жас құтқарушылар командалары арасында өрттен құтқару спорты бойынша өтіп жатқан VІІ республикалық жаздық чемпионаттың алғашқы үздіктері анықталды.
Чемпионатқа Қазақстан Республикасының барлық облысынан 17 команда және Ақтөбе, Павлодар және Қызылордадан жас құтқарушылардан жасақталған 3 команда қатысқанын айта кетейік.
Чемпионат бағдарламасына 100-метрлік жолағынан өту, өрт сөндіру эстафетасы, оқу мұнарасының қабаттарына шабуылд сатысымен көтерілу, жауынгерлік қанат жаю өрістету енгізілген.
Қыздар арасында шабуыл сатысымен көтерілуден нәтижелер белгілі болды, кіші топтан қызылордалық Ксения Власенко үздік шықты. Екінші орын да біздің жерлесімізге бұйырды. Ол он төрт жасар Русалина Муликова. Үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысынан Адема Славина ие болды.
Орта топтағы қыздар арасынан Астана қаласынан қатысқан Адема Сабитова (9,99 секунд) мен Мәдина Ахметова (10,65 секунд) жақсы нәтиже көрсетті. Үшінші орынға қызылордалық спортшы қыз Пустобаева Виктория ие болды.
Үлкен топтағы үздік нәтиже спорт шеберінің кандидаты, қызылордалық Елена Жукованың (8,45 секунд) еншісінде. Астаналық Айнұр Әлімова Еркежан Төлеген екінші және үшінші орынды иеленді.
Жасөспірімдер арасында кіші топта бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген Илья Ершов алды. Екінші орын атыраулық Инат Тасболатқа бұйырды. Үшінші орын иегері Тараз қаласының мамандандырылған колледжінің студенті Нұрдәулет Кұлмахамбетов.
Орта топта үздік нәтижені Батыс Қазақстан облысынан келген спортшы Андрюшенко Роман көрсетті. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан Ильдар Ізбасаров алды. Бұл топтағы үштікті ақтөбелік Назар Жанғали түйіндеп тұр.
Үлкен топта бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан Мұрагер Асылов 11,90 секундта иеленді, екінші орын Астана қаласынан келген спортшы Аңсар Шамшолдаевта. Ал үшінші орын иегері шығысқазақстандық Мақсат Романов болды.