АҚАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ
«Мир-2001» ЖШС Ақай ауылында сауықтыру кешенін ашады. Негізгі қызметі престелген бетон құрылыс материалдарын өндіру, жанар-жағармай материалдарын сату болып табылатын компания бүгінде қарқынды дамып, бизнесін әртараптандыруды жоспарлап отыр.
«Мир-2001» ЖШС-нің бұл игі бастамасын «Даму» қоры және «Қазақстан Халық Банкі» қолдады. Кәсіпорын банктен несие рәсімдеу барысында, кепіл жетіспеушілігінен туындаған мәселесін «Даму» Қорының жартылай кепілдендіру бағдарламасы арқылы шешті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие бойынша 15,5% пайыздық мөлшерлемесінің 10%-ы мемлекет тарапынан өтелудің нәтижесінде кәсіпорынның борыштық жүктемесі жеңілдетілді.
Несие қаражатына компания жаңа қызмет түрін, яғни монша-сауықтыру кешенін ашуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік қолдау аясында ашылатын кешен аясында монша, массаж бөлмелері, шаштараз және көлік жуу орталығы болады. Жоба аясында 12 жаңа жұмыс орны ашылып, ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылады.
Бүгінгі таңда «Мир-2001» ЖШС престелген бетон өнімдерін өндіру жағынан аймақтағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Жаяужол плиткалары, жол тақталары, аулаға арналған плиталар, жиектас, брусчаткалар секілді жоғары сапалы өнімдер қазіргі таңда компанияның цехында жоғары технологиялық қондырғыда шығарылуда. 2015 жылы «Даму» қоры «Мир-2001» ЖШС-не несие рәсімдеу үшін қажетті кепілдеме беріп, соның нәтежесінде компанияның жаңа бағытта бизнесін кеңейтуге мүмкіндік ашылған болатын.
Айта кету керек, «Мир-2001» ЖШС-гі мемлекеттік қолдау алған еліміздің үздік 20 кәсіпорындарының қатарына еніп, «Ұлы дала елі» отандық өнім өндірушілердің III форумында дипломмен марапатталды. «Даму» Қорымен бірлесе әріптестік жұмыс жасау нәтижесінде компания шығаратын өнім көлемі 15%-ға өсті, қыметкерлердің орташа жылдық саны 20%, ал бюджетке төленетін салық көлемі 10% артты.