БҮГІН АСТАНАДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ КҮНДЕРІ БАСТАЛАДЫ
Бүгін «Қазанат» ипподромы жанындағы этноауылда Қызылорда облысының мәдениеті күндері өтеді. Онда қолданбалы өнер шеберлерінің, сондай-ақ шежіресі» атты аймақ тарихы мен мәдениеті көрмесі өтеді.
Көрмеде облыстық тарихи-өлкетану музейінің Сыр елінің бай мәдени мұрасы мен асыл қазынасынан сыр шертетін экспонаттар ұсынылады. Мұнымен қоса, аймақтың өнер шеберлері «Шығыс базары» жәрмеңкесінде өз өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ мұнда зергерлік бұйымдар мен киіз өнімдерін жасау, сүйек өңдеу мен тоқыма тоқудан шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Көрме 20 тамызға дейін жалғасады.
Сағат 19.00 де Максим Горький атындағы академиялық драма театрында Иран Ғайыптың «Қорқыт» спектаклі көрсетіледі. Спектакль қойылымына автордың өзі де қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанада 10-14 тамыз аралығында Қызылорда облысының мәдени күндері өтеді. Шара аясында тарихи-өлкетану және қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, спектакльдер мен концерттер, сондай-ақ Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, халықаралық ғарыш станциясындағы 52-ші экспедиция экипажы көрмеге келушілермен байланысқа шығып, Астана тұрғындары мен қонақтарына ғарыштан сәлем жолдайды.