БАЛЫҚТАРДЫ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖЕДЕЛ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов Көкарал бөгетінде балықтардың қырылуына байланысты жедел баспасөз конференциясын өткізді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында облыс әкімінің орынбасары балықтардың қырылу себептері анықталғанын айтты.
Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс жасауда.
Сырдария өзеніне биыл су мол келгені белгілі. Осыған орай теңізге осы ай басына дейін дейін 4-4,5 млрд текше метр су (былтыр 2,5 млрд текшеметр) тасталған. Балықтардың қырылуының бір себебі артық суды кіші теңіз арқылы Аралдың ескі айдынына жіберуден болып отыр. Оқыс оқиғаға күннің ысуы мен судағы ауа қысымының жоғары болуы да әсер еткен көрінеді.
Қазір балықтарды құтқару шаралары басталды. Бұл жұмыс 15 қыркүйекке дейін жалғасады.