БИЫЛ ЕКІ ЖОБАНЫҢ ІСКЕ ҚОСЫЛУЫ ЖОСПАРЛАНУДА
Биыл облыста ірі екі жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов хабарлады.
Екі бірдей испандық цехты іске қосқан «Аралтұз» АҚ үстіміздегі жылы шет елдерге 60 пайыз өнімін экспорттады. Биыл молибден үш тотығын өндіретін кәсіпорыны және шыны зауыты іске қосылмақ.