БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бос орындар жәрмеңкесі мемлекеттік органдар мен жеке мекемлерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге үлкен мүмкіндік береді.
Шараға жұмыс беруші ретінде қаладағы 30 мекеме мен кәсіпорындардан 140 жұмыс орны ұсынылса, мемлекеттік органдар 137 бос орын ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге қатысуға әлеуметтік жұмыс орындары үшін 5 мекемеден, қоғамдық жұмыспен қамтуға 4 мекемеден, «Жастар тәжірибесі» бойынша 5 мекемеден ұсыныс түсті.