АУДАНДА ШАҒЫН БИЗНЕС НЫСАНДАРЫ ҚАТАРЫ ӨСТІ
Биылғы 5 айда Cырдария ауданында сауда айналымының нақты көлемі 400,6 млн теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 148,4 пайызды құрады.
Бүгінде аудан бойынша 1927 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде заңды тұлғалар саны 140 болса, жеке кәсіпкер қатары 1255-ке жетіп отыр. Сонымен қатар, ауданда 532 шаруа қожалығы бар.
Бес ай ішінде ШОБ 641,6 млн. теңгенің өнімін өндіріп. жергілікті бюджетке 163,9 млн. теңге салық түсірді. Оларда жұмыспен қамтылғандар қатары 5707 адамға жеткен.