САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАЙДЫ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы осы жылдың 11-29 тамызы аралығында «Атамекен» ҰКП алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция форматында дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр. Дөңгелек үстел отырысында Салық кодексінің жобасы талқыланатын болады.
Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай бизнес-семинарға ниет білдіруші азаматтар да қатыса алады. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би к-сі, 28.
Қызығушылық танытқан азаматтардан 2017 жылғы 11 тамызға дейін төменде көрсетілген кестені толтырып, a.pirmanova@palata.kz, g.eleusinova@palata.kz пошталарына жолдауды сұраймыз.
№ | Тақырыбы | Өткізілу мерзімі |
1 | Салық кодексі жобасындағы жаңалықтар немесе өзгерістер | 11 тамыз жұма, сағат 11:00 |
2 | Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу | 15 тамыз сейсенбі, сағат 11:00 |
3 | КПН, Арнайы экономикалық аумақтар мен инвестициялық жобаларға салық салу | 21 тамыз дүйсенбі, сағат 11:00 |
4 | Халықаралық салық салу /Внедрение Рекомендаций ОЭСР по BEPS/ | 22 тамыз сейсенбі, сағат 15:00 |
5 | НДС | 23 тамыз сәрсенбі, сағат 11:00 |
6 | Әлеуметтік салық, ИПН, жаппай мағлұмдау | 24 тамыз бейсенбі, сағат 11:00 |
7 | Салықтық әкімшілік | 28 тамыз дүйсенбі, сағат 15:00 |
8 | Өзге де міндетті төлемдерді жетілдіру | 29 тамыз сейсенбі, сағат 11:00
|
№ п/п | Қатысушының аты-жөні | Мекеменің атауы | Тақырыбы (қай тақырып бойынша семинарға қатысатынын көрсету қажет) |