ИНДУСТРИАЛЫҚ ЖОБАЛАР ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТТЫ

Бұл туралы бүгін орталық коммникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.
Бағдарламаның бірінші бесжылдығы аясында 17 жоба іске қосылған болса, екінші бесжылдық аясында іске асырылатын 24 жобадан бүгінгі күні 3 жоба іске қосылды. 2017 жылдың 6 айында барлық іске қосылған жобалар арқылы 8,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемінің 11% құрады. Атап өту қажет, индустриалық жобалар бұрын 8 елге өнімдерін экспортқа шығарса, 2017 жылдан бастап 10 елге өнімдерін экспортқа шығара бастады. 2017 жылдың 6 айында экспорт көлемі былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 56% артты.