ОБЛЫСТА АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР БОЛМАЙДЫ

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов айтты.
Соңғы үш жылда қызылордалық түлектер ресейлік және отандық ЖОО мен колледждерге мақсатты түрде оқуға жіберілуде.Бүгінгі таңда 400-ге жуық жас Ресей Федерациясының білім грантының есебінен көршілес елдің жетекші техникалық ЖОО-да білім алуда Бұдан бөлек, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 500 бала облыс әкімінің грантымен оқуда.
Облыстың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сай жасалған еңбек ресурстары балансының негізінде еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, 6 мың мектеп бітіруші өзін-өзі жұмыспен қамтыған.