ЖАРТЫ ЖЫЛДА 4566 КӘСІПКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

–Аудандар мен қаладағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету, қолдау орталықтарынан 3582 кәсіпкер 6615 кеңес алған. Ал 984 кәсіпкерлік субъектісіне 1044 сервистік қызмет көрсетілді. Кеңес алуда Шиелі және Арал аудандары кәсіпкерлерінің белсенділігі жоғары. 6 ауда шиелілік 604 кәсіпкер кеңес алса, Аралда Палата кеңесшілері 511 кәсіпкерге 1441 кеңес берген, - дейді Салават Құлмахан.
Бүгінде кәсіпкерлер арасында сервистік қызмет алушылардың қатары да күн өткен сайын артуда.
–Бұл әсіресе, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін өте тиімді компанент, - дейді Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы. – Енді кәсібін бастаған азаматтың есепші, заңгер және өзге де мамандар алуға қаржылай мүмкіндігі болмауы мүмкін. Бұл жерде біз – Кәсіпкерлер палатасы оларға көмекке келеміз. Палатада бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасау, кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу, заң, маркетинг сұрақтары, кеден рәсімдері бойынша, ақпараттық технологиялар бойынша, мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын қолданушылардың сатып алулары бойынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметтер тегін көрсетіледі.
Осы жылдың І жартыжылдығында Палата кеңесшілері 984 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетті. Аталмыш қызметтердің басым бөлігін Қызылорда қаласы (322) мен Шиелі ауданының (116) кәсіпкерлері алған.
Облыста сондай-ақ «Бизнес-кеңесші» оқу курсына қатысуға өтінім берушілердің саны басым. Мәселен, қазірдің өзінде аймақтың 1120 тұрғыны осы жоба бойынша біліктілігін жетілдірген. Негізгі жоспар жыл соңына дейін 800 адамды оқыту болатын. Дегенмен, әлі де курсқа қатысуға ниетті азаматтардан өтініштер түсуде.
Осыған орай палатаның баспасөз қызметі жеке кәсіппен айналысқысы келіп, алайда неден бастарын білмеген, мемлекеттік қолдау түрлері (жеңілдетілген несие, инновациялық гранттар алу) туралы ақпаратты іздеген жандарды палатаға шақырады. Мұнда кеңесшілер кеңес беріп, іспен айналысам деген талаптылардың бизнес-жоспарларын әзірлеп береді. Бұл қызметтің барлығы тегін көрсетіледі.
Байланыс телефонымыз 8 /7242/ 40-09-81 /ішкі 4307 Жанат Матерзаева/. Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы Әйтеке би, 28. Call-Орталық:1432.