ҚАЗАЛЫДА ҮЕҰ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНА ТҮСТІ

Қазалы аудандық әділет басқармасының мәліметі бойынша ауданда 39 қоғамдық ұйымдар мен қорлар есепке алынған.
Олардың ішінде 19 ұйым қоғамдық шараларға белсене атсалысады. Осы 19 бірлестіктің 100-ден астам қоғамдық негіздегі бастауыш ұйымдары бар.
Осы жылға аудандық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 8 жобаға 19 635 000 бөлінген.
Сондай-ақ, Қазалы ауданында «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және Жалпыұлттық социалды демократиялық партияларының өкілдерімен бірлесе жұмыстар атқарылуда.