ЖАҢАҚОРҒАНДА ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Жаңақорған ауданында діни ахуалдың тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, жоспар бойынша тоқсан сайын отырыс өткізілді. 2017 жылдың мамыр айында Төменарық ауылдық округінде ірі кәсіпкердің демеушілігімен жаңа мешіт бой көтеріп, ел игілігіне берілді.
Аудандық ішкі саясат бөлімі, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Жаңақорған ауданындағы бөлімі және «Жаңақорған аудандық» мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен, жалпы ақпараттық түсіндіру топтары арқылы діни экстремизмнің алдын алу және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мақсатында осы жылдың 6 айында түрлі тақырыпта 52 іс-шара өткізіліп, оған 3000-нан аса аудан тұрғыны қатысты.
Жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы, дәстүрлі ислам дінінің құндылықтары жайлы мақалаларды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін ай сайынғы медиа-жоспарға енгізіліп, діни тақырыпта, діни экстремизм мен терроризге қарсы сипатта жалпы 12 мақала жарияланды. Экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы және діни келісім мен діни толеранттылыққа байланысты ақпараттық-насихат құрал ретінде Жаңақорған кентінде және ауылдық округтерде билбордтар орнатылған.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Қыркеңсе, Қожакент, Келінтөбе, Бесарық, Шалқия кенті, Сунақата, Төменарық ауылдық округтері және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға зардабы» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен және 2017 жылғы маусым айында Жаңақорған кенті, М. Нәлібаев, Келінтөбе, Ақүйік, Сунақата ауылдық округтерінде «Зайырлы қоғамдағы дәстүрлі ислам діні» тақырыбында түсіндірме кездесулер өткізілді.
Жобаны «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігі үйлестірді.