ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
2014 жылдан бастап аймағымызда әлеуметтік-еңбек даулары алмай, бұл саладағы ахуал тұрақтанды. Бұл осы мәселенің алдын алу бағытындағы жұмыстар нәтижесі.
Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының мәліметінше осы жылғы 6 айда жұмыс орындарын қысқартуды болдырмау және жалақы қарыздарын өндіру мақсатында облыс әкімі жанындағы дағдарысқа қарсы штаб отырысы 5 мәрте өткізілген. Сонымен қатар, облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізіліп, мәселенің алдын-алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Бұған қоса, әлеуметтік еңбек дауларының алдын алу мақсатында облыс әкімдігі және облыстық прокуратура бекіткен әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы ай сайын жаңартылып отыр.