ҚЫЗЫЛОРДАДА КИКБОКСИНГТЕН ТУРНИР ӨТЕДІ
12-13 тамыз күндері Қызылордада кикбоксингтен ҚР жаттықтырушыларын еске алуға арналған республикалық турнир өтеді.
Салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық құраманы жасақтау үшін үздік спортшыларды анықтайтын турнирде әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысатын мықтылар анықталады.
Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарынан 100-ден аса спортшы қатысатын турнир кикбоксингтің фулл-контакт, К-1 жүйелері бойынша 29 салмақта өтеді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медальдарымен марапатталады.
Жарыс 12 тамыз сағат 10.00-де басталып, салтанатты ашылуы осы күні сағат 16:00-де «Евразия» спорт кешенінде ұйымдастырылады..