АУЫЛ КӨШЕЛЕРІ АЖАРЛАНА ТҮСЕДІ

Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар тиісті жалғасын табуда. Қызылорда қаласы әкімдігінің хабалауынша шаһарда 2 мрд. 502 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 73,6 шақырымды құрайтын 124 көшеге орташа, күрделі және қайта жаңғырту жұмыстары жасалуда.
Мұнан бөлек, қалаға қарасты Қарауылтөбе, Қосшынырау ауылдық окруктеріндегі кіре-беріс жолдардың орташа жол жөндеу жұмыстарына, облыстық бюджеттен 159 млн. 726 мың теңге бөлініп отыр..
Оның ішінде Қарауылтөбе ауылдық округінің ұзындығы 3 шақырымды құрайтын кіре-беріс жолына 59 млн. 726 мың теңге, Қосшынырау ауылдық округінің ұзындығы 7 шақырымды құрайтын кіре-беріс жолына 100 млн. теңге қаржы қаралды.
Сонымен қатар, Белкөл кентіндегі ұзындығы 2 шақырымды құрайтын Әбдіқадыров көшесін жөндеу жұмыстарына 42 млн. теңге жұмсалады.