АЙМАҚТА ТҰРАҚТЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАЛЫПТАСУДА
Биылғы жылдың 6 айы бойынша Қызылорда облысында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасуда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, тұрғындар арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, жіті вирусты гепатит Д, Е, малярия, лептоспироз, листериоз, вирусты кене энцефалиті, иерсиниоз, безгек, қүл, құтыру, қызылша, гименолепидоз, трихинеллез, ВЛ, ЗКЛ, эпидемиялық паротит аурулары тіркелмеген.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда облыс көлемінде жұқпалы аурулар бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Алғаш анықталған созылмалы вирусты гепатиттер, созылмалы вирусты гепатиттің С-түрі бактериалдық дизентерия, мерез, сарып ауруы, риккетсиоздар, өкпе туберкулезі, менингококкты жұқпасы айтарлықтай азайған.