АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ ЕНГІЗІЛУДЕ
Осы жылдың 1 жартыжылдығында облыстағы архив мекемелеріне 10399 құжат мемлекеттік сақтауға қабылданды. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының дерегінше құжаттардың сақтау бірлігін және жай-күйін тексеру барысында 18680 іс-құжат қамтылды;
Осы уақыт аралығында 70851 парақтарға қайта өңдеу (реставрация) жұмыстары жүргізілді, мәтіні өшуге айналған 1239 парақ қайта қалпына келтіріліп, 10727 сақтау бірлігінің мұқабалары қайта түптелді.
Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте әртүрлі тақырыптарда 43 семинар ұйымдастырылды.
Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 29 көрме әзірленді.
«Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша мұрағаттық құжаттарды автоматтандырылған ақпараттық сандық жүйеге енгізу жұмысы өз жалғасын табуда. Есепті мерзімде 7935 сақтау бірлігінің 919047 парағы сандық жүйеге енгізілді.