АЛТЫНАЙ «ҚЫЗЫЛОРДА АРУЫ - 2014» АТАНДЫ
Өткен демалыста «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық конкурсы қарсаңында «Қызылорда аруы-2014» өңірлік конкурсы ұйымдастырылды.
Қызылорданың ең көрікті аруы болып, 19 жасар Алтынай Бектібаева таңдалды. «Қызылорда аруы-2014» қазақ гуманитарлы-заң колледжінің студенті. Ару футбол ойынының фанаты болып шықты.
«Мен Қазақстан құрамасының жанкүйерімін. Қазақстан премьер-лигасы ойындарын қарап отырамын. Қызылорданың қайбір ойынын да тамашалауға тырысамын. Маған Бауыржан Исламхан өте ұнайды. Ол Қазақстанның үздік ойыншысы болды», - деп Алтынай өз ойымен бөлісті.
Айта кету керек, «І вице-мисс» титулын Анар Маханбетова, «ІІ вице-мисс» Жанель Сандыбаева болды.
Енді «Қызылорда аруы - 2014» Алматыда 28 қараша күні болатын «Қазақстан аруы» республикалық конкурсына қатысатын балады.
Шынар БЕКБАН