ЖЫР ӨЗЕГІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Шараның ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов талапкерлерді шараның өткізілу мақсатымен таныстырып, Елбасы мақаласындағы басымдықтар жайында әңгіме өрбітті.
Тағылымы мол шарада құрамында еңбек ардагері Орынбасар Сариев, ақын Дастан Нәзікбаев, жырау Бидас Рүстембеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов сынды жыр жанашырлары бар әділқазылар алқасының шешімімен І орынды бұған дейін де көптеген жыр мүшәйраларында топ жарған ақайлық ақын Дәріқұл Махамбетов жеңіп алса, ІІ орынды ардагер ұстаз, ақын Кенішкүл Қазақбаева, ІІІ орынды денсаулық сақтау саласының ардагері, ақын Мәскеубек Ерболатов иемденді. Сонымен қатар, өздерінің өлең-жырларымен көрермендер қошеметіне бөленген иіркөлдік ақын Абдулла Байкенжеев пен жосалылық Ұрхия Шәдімова алғыс хатқа ие болды.
Мүшәйра соңында ардагер ақын жүлдегерлер шараны ұйымдастырушылар дайындаған арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.