АЛТЫ АЙДА ЖҮЗДЕГЕН ЖОБА НЕСИЕЛЕНДІРІЛДІ

Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше осы жылдың 6 айында екінші деңгейлі банк филиалдары шағын және орта кәсіпкерлік саласының 254 жобасын 6 878 млн.теңге көлемінде несиелендірілген.
Сонымен бірге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы жалпы құны 2 029 млн.теңгені құрайтын 134 жобаны, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы 1 691 млн.теңгелік 572 жобаны қаржыландырылып отыр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы да жалпы құны 2 396 млн.теңгені құрайтын 18 жобаға қаржы бөлді