МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЯСЫ КЕҢИ ТҮСТІ
Қызылорда облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің департаментінің №2 медициналық–әлеуметтік сараптама бөлімі белгіленген кесте бойынша ағымдағы жылдың шілде айында Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында көшпелі отырысын өткізді.
Арал ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны - 54, оның ішінде 12 науқас алғаш рет мүгедек болып танылды (оның 10-на композиттік қызмет көрсетілді), ал 42 мүгедек қайта куәландырудан өтті. Барлық мүгедектерге мұқтаждығына сәйкес. әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.
Қазалы ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны 65 болса, оның ішінде 16 науқас алғаш рет мүгедек болып танылып отыр. Ал 49 мүгедек қайта куәландырудан өтті. Қармақшы ауданында да 24 мүгедекке мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, үш ауданда жиі және ұзақ ауыратын 4 науқасқа мүгедектік белгілерін анықтау мәселесі бойынша кеңес берілді. ДКК төрайымдарымен бірлесе отырып, медициналық ұйымның дәрігерлеріне №088 нысанын электронды түрде сапалы әрі дұрыс толтыру туралы ұсыныстар берілді.