ТҰРҒЫНДАР ТАЛАП-ТІЛЕГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалында 98 партиялық топ 28 БПҰ-на бірігіп отыр. Осы жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша ауданда 3358 партия мүшесі есепте тұрады.
Жыл басынан бері Сырдария аудандық «Нұр Отан» партиясында аудан тұрғындарының мәселелерімен қабылдау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Қабылдауды қатардағы партия мүшелері, аудандық мәслихаттың депуттары жүргізуде. Көптеген келіп түсетін өтініштер жұмыс тәртібі бойынша қаралып және олар бойынша нақты шаралар қабылдануда.
Сырдария аудандық партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес үстіміздегі жылы 2 дөңгелек үстел өткізсе, партиялық бақылау және талдау бөлімінің 2 партиялық бақылау отырысын өткізді. Аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының 2 фракция отырысы болып өтті.
Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын, Ұлт Жоспарының 100 нақты қадамын талқылау, Сайлауалды тұғырнаманың орындалуы жұмыстарын жүргізу бойынша аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен БПҰ-мен және облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен 54 кездесу мен жиналыс өткізілді.
Партияның қоғамдық қабылдауына келер болсақ, «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін барлығы 48 арыз-шағым келіп түскен. Олардың 15- і оң шешімін тауып, қалғанына заңды кеңес берілді.