СЫРДАРИЯДА ҚҰРЫЛЫС КӨЛЕМІ АРТТЫ
Осы жылдың қаңтар-мамыр аралығында Сырдария ауданында негізгі капиталға 6171,8 млн.теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 186,4 пайыздық көрсеткішке жетті.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша тартылған инвестицияның басым бөлігі құрылыс саласына тиесілі. Мысалы, үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары және өзге де шығындар бойынша 5278,6 млн, машиналар, жабдықтар, құрал саймандар алу бойынша 893,2 млн. теңге жұмсалған.
Осы уақыт аралығында 5026,0 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады.