«ЖАҢАҚОРҒАН - ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Оның барысында «Жаңақорған-Құрылыс-2010» ЖШС департаментке табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне енгізу туралы өтінішті ұсынбай, табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асырып, Табиғи монополиялар субъектілерін иемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару қағидасының 7-тармағының талабын бұзғандығы анықталды.
Осыған орай, «Жаңақорған-Құрылыс-2010» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 300 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды және заңнаманың бұзылуын жою жөніндегі нұсқама енгізілді.