АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫН ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе «Салық салу саласындағы сыбайлас жемқорлықты жасырудың негізгі факторлары: жосықсыз салық қызметінің немесе салық төлеушінің мінез-құлқы» тақырыбында диалог алаңын өткізді.
Оған департаменттің басқарма, бөлім басшылары мен Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығы мен бөлім басшылары және Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қатысты.
Отырысты департамент басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ә.Бекішев ашып, іс-шараның мақсатымен таныстырды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі М.Ысқақов мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерімен диалог алаңын өткізудің маңызы мен мақсаты туралы хабарлама жасады.
Хабарламашылар мекемелерде өткізілетін қоғамдық қабылдаулар, салық салу саласындағы салықшылардың міндеттері мен мәселелері, пара алу мен пара беру, мемлекеттік қызмет көрсетулер мен ондағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтері және салық төлеушілермен қарым-қатынастар туралы бірнеше мысалдар келтіріп, тұщымды әңгіме қозғады.
Шара соңы пікір алмасу, сұрақ-жауаптар мен ой-пікірлер және ұсыныстар білдіруге ұласып, мамандар мәселеге байланысты өз ой-пікірлерін айтты.