ДЕПАРТАМЕНТТЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен, «Салық саласында сыбайлас жемқорлық мақсатында жауапкершіліктен жалтарудың өзекті мәселелері» тақырыбында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шарасы ретіндегі дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысын департамент басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ә.Бекішев ашып, өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен таралуын төмендету, мемлекеттік қызметшілер арасында және бюджет қаржысының уақытылы түсуіне бақылау жүргізетін салық құрылымдарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу екендігін түсіндірді.
Сондай-ақ, салық саласында сыбайлас жемқорлық мақсатында жауапкершіліктен жалтарудың және оған қарсы бірлесіп күресу мәселесін қозғау мен салық салу саласында сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершіліктен жалтарудың негізгі факторлары жөнінде ой-пікірлерді ортаға салып талқылау, пікір алмасу екендігіне қысқаша тоқталып өтті.
Мұнан соң Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Бағдат Изкенов хабарлама жасады.
Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Мемлекеттік қызметшілердің табысы көлемді болса, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмауға тырысады.
Хабарламашы Салық кодексінің кейбір баптарына сілтеме жасай отырып, әлде де болса салық төлеушілерге түсінікті болуы үшін оңтайландыра түсу керектігі туралы әңгімелей келіп, салық төлеушілерге айыппұл салу немесе ескерту беру, ескіру мерзімдеріне қатысты және жер, мүлік, көлік салықтарын салудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жайына, сондықтан салық салуда жолданатын хабарламалар мен салық есептіліктерін, т.б салықтар мен міндетті төлемдерді әкімшілендіру барысында, электронды түрде жолдау немесе электронды тапсыруды жетілдіре түсу керектігіне тоқтала отырып, әрі қарай тақырыпты салықшы қызметкерлермен ой-пікір алмаса отырып, талдау-талқылау ретінде ашық әңгіме қозғалды.