КӨПІР ЖӨНДЕЛІП, ЖҰРТ РИЗА БОЛДЫ
Қаладағы Қорқыт ата көшесі бойындағы темір жол өткеліне жүргізілген жөндеу жұмыстар аяқталып, қайта қолданысқа берілді.
Бұл көшеге жүргізілген жөндеу жұмыстарының ұзындығы 5,8 шақырымды құрайды, жалпы 1млрд 426 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ, 11,7 шақырым жаяу жургіншілерге арналған жол салынып, 150 дана жарық шамы орнатылған. Жол бойында 19 аялдама орналастырылды.
Енді бұрынғыдай көпір маңына жаңбырдан кейін су толып кетпейді. Заман талабына сай арнайы суағар салынған. Көліктер үшін пойыз рельсіне арнайы резіңке өткел салынған. Мұндай өткелдер Астанада, Таразда және біздің қалада орналастырылып отыр.