СӘБІЗ ҚЫМБАТТАП, ҚЫЗАНАҚ АРЗАНДАДЫ

Облыстық статистика департаментінің ақпараты бойынша сәбізге - 13,1%, басты пиязға - 7,6%, жұмыртқаға - 6,9%, кофеге - 5,8%, жарма өнімдеріне - 3,3%, кондитерлік өнімдерге - 2,3%, қантқа - 1,9%-ға өскені байқалды. Ал керісінше қызанақ бағасы 42,1%, қияр 29,8%, картоп 29,0%, тәтті бұрыш 25,6%, қырыққабат 7,1%, қызылша 2,5%-ға арзандаған.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі баллондағы сұйытылған газға 8,8%, тұрмыс пен бағбандықта қолданылатын саймандар мен техникалар - 4,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарына - 2,1%, үй жануарларына арналған азықтар - 3,4%, дизель отынына -1,2%-ды құрады.