АСТАНАДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА КҮНДЕРІ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ ӨТЕДІ

Жарыстарға аударыспақтан ҚР жеңімпаздары Әбдінасредин Файзулла, Серік Әмірсейіт, күміс жүлдегер Серік Ғабит, қола жүлдегер Мұратхан Қуандық, бірнеше дүркін жүлдегер Ерсұлтан Исабек, теңге ілуден ҚР бірнеше дүркін жүлдегері Жарқынбек Алмағанбетов, жамбы атудан ҚР күміс жүлдегері Бекқали Өзденбаевтар қатысады.
Қазақ күресінен биылғы жылдың Қазақстан барысы атағын жеңіп алған Еламан Ерғалиев, ҚР чемпионы, самбодан Азия чемпионы Мақсат Исағабылов, ҚР чемпионы Нұрым Сәлімгереев, ҚР чемпионатының күміс жүлдегерлері Марат Баймаханов пен Жайдар Есеновтер «Түйе палуандар» сайысында облыс намысын қорғайды.
Сондай-ақ, тоғызқұмалақтан жастар арасында ҚР чемпионы Ұлдана Махамбетамин, асық атудан ҚР чемпионатының командалық есепте қола жүлдегерлері Азамат Көбелов, Әйгерім Сәрсенбаева, Самат Керімбердиев және Қуаныш Қармысбаевтар сайысқа түседі.
