ӨНДІРІСТІҢ ӨРІСІ ӨСЕ ТҮСТІ
Осы жылдың қаңтары мен мамыры аралығында Сырдария ауданының өнеркәсіп орындары 396,5 млн теңгенің өнімін өндірді.
Осы уақыт таралығында өңдеу өнеркәсібінде 243,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2016 жылдың тиісті деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 141,1 пайыз болып отыр. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 208,4 млн. теңгені құрап, былтырғы деңгейіне қарағанда нақты көлем индексі 131 пайызды құраса, жеңіл өнеркәсіп өндірісі көлемі 6 есеге артық орындалды.
Электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау 28 млн. теңге болып, 2016 жылға қарағанда нақты көлем индексі 95,7 пайыз, сумен жабдықтау бойынша есепті мерзім ішінде 122,7 млн. теңгені құрап, 139,1 пайыз болып отыр.