ОБЛЫСТАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ДАМУЫ

Мәжілісте талқыланған жобаның алғашқысы «Forte Bank» АҚ Қызылорда қаласындағы ғимараты құрылысының» эскиздік нұсқасы болды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойында «Г.Рагибова» ЖК тарапынан салынатын кешен эскизі де қызығушылық тудырды.
Жалпы мәжілісте халықаралық күре жол бойынан салынуы тиіс 5 жоба талқыға түсті. «ДинГул» ЖК, «А.Байсуганова» ЖК, «Т.Әбибуллаев» ЖК, «Global Alatau Group» ЖШС ұсынып отырған жобаларға байланысты мамандар пікірі тыңдалды.
Сәулет-қала құрылысы Кеңесінің мүшелері хаттамалық шешім қабылдап, қаралған жобалар бойынша нақты ұсыныстар берілді.
