ЖАСТАР КӘСІПОРЫНДАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСАДЫ

Шара барысында жастар өндіріс орындарының күнделікті жұмысымен және мекеменің тарихымен танысып, тәжірибелі мамандармен еркін сұхбат жасап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алады.
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ қорғасын-мырыш кенін өндірумен және шығарумен айналысады, қорғасын және мырыш концентратын шығаратын ең ірі мекеме.Келесі «Қуат әк» ЖШС, «СКЗ – U»ЖШС,«Байкен – U» ЖШС ірі кәсіп орындардың жұмысымен танысумен жалғасады.
Экскурсияның негізгі мақсаты Ресей федерациясында оқып жатқан жастарды болашақ жұмыс орындарымен таныстырып, кәсіпорын басшылығымен байланыс орнату болып табылады.