КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ 6 АЙДА 150 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ

Ерлан Әбдікеровтің айтуынша, палатаға жыл басынан бері бизнес өкілдерінен 97 өтініш түскен. Нәтижесінде 48 өтініш оң шешіліп, 150-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің араласуымен биылғы жылдың 6 айының өзінде кәсіпкерлердің 217 млн.теңгесі сақталып қалды және 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
–Түскен шағымдардың 22 пайызы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметіне, 22 пайызы квазимемлекеттік орган қызметіне, 18 пайызы жер қатынастары, 10 пайызы салық салаларына қатысты, - дейді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы.
Ерлан Әбдікеров оң шешілген мәселелердің маңыздыларына да тоқталып өтті.
- «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда облысиық филиалы тарапынан кәсіпкерге салынған 25 млн.теңгеден астам айыппұл жойылған;
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облыстық департаменті тарапынан кәсіпкерге салынған 37 млн.теңге айыппұл жойылған.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік орган өкілдері: көші-қон полициясы қызметкерлері, Арал ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы мен бас маманы, Арал ауданының жергілікті полиция инспекторы.
Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасы заңгерлері жыл басынан бері «Атамекен» ҰКП-на қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты 20 ұсыныс жолдаған.
Егер кәсіпкер ретінде құқығыңыз бұзылған болса онда Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері Сізді қорғауға әзір. Ол үшін 8 /7242/ 40-09-81 /ішкі 4319/ байланыс телефонына хабарласуыңызға немесе Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі 28 мекен-жайда орналасқан Кәсіпкерлер палатасына келіп, өтініш қалдыруыңызға болады.