КҮРЕ ЖОЛДЫҢ БОЙЫНДА ТІРШІЛІК БАР

ЖК «Сейтжаппарованың» 1829 шақырымдағы қонақ үй кешені кафесінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қосымша ғимараттарының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-нің жанар-жағар май құю бекеті жұмыс жасап тұр.
Халықаралық көлік дәлізінің Қаратабан қонысының тұсынан ЖК Г. Гейдарованың азық-түлік, қосалқы бөлшек дүкені, дәмхана, жүк және жеңіл автокөліктерге арналған асфальтталған автокөлік тұрағы күре жолдың бойындағы тіршілікті жандандырып тұр.
Жарты әлемді жалғаған автодәліз бойындағы жобалар алда да жүзеге аса береді.