МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАР ҮШІН ОҚЫТУ КУРСТАРЫ ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың маусым айының 5 мен 30 аралығында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қолөнер шеберлігін арттыру, компьютерлік біліктілігін жетілдіру, ұсақ техникаларды жөндеуден оқыту курстары өткізілді.
Аталмыш курстарға мүмкіндігі шектеулі 45 жас қатысып, қазіргі таңда солардың 4-еуі жұмыспен қамтылды. 6 мүмкіндігі шектеулі жас тәжірибеден өтуде. Оқыту курстарын білікті мамандар, өз салаларының шеберлері жүргізіп, жастар нәтижесін де көрсете білді, деп жазады «Ақмешіт жастары» газеті.