ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ ТЕГІН ҚАЗАҚШАҒА АУЫСТЫРЫП ЖАТЫР
Жыл басынан бері жүзге жуық облыс тұрғыны тегіндегі орыстың –ев, овасын қазақшаға ауыстырған. Ал енді «Тегімізді өзгертсек, құжатымыздың бәрін өзгерту керек пе?» деген сауал көпшіліктің көкейінде жүргені рас.
"Елбасы жарлығына сәйкес тегін ауыстырған адамның бұған дейінгі құжатпен белгіленген құқықтық мәселелеріне еш нұқсан келмейді. Сондай-ақ, тегін дәстүрге сай өзгерткен азаматтарға қосымша анықтама беріледі" дейді осы сауалға орай түсінік берген мамандар.