ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖИІ ӨТКІЗІЛЕДІ

Бағдарлама аясында аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 50 адамға 13 756,0 мың теңге қаржы қаралып, есепті мерзімге 32 мекемеге 62 адам (124%) жолданды.
Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 80 адамға 27 216,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Осыған сәйкес 39 мекемеге 58 адам (72,5%) жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру да ескерусіз қалған жоқ. Есепті мерзімге қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 54 жұмыс берушіден 885 жұмыс орнына сұраныс түсіп, 355 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Осы жылдың 1 маусымында аудан бойынша мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмысқа орналасқандар саны 254 адамға жетті.
Есепті мерзімде «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 6 рет өткізіліп, тұрғындар 35 жұмыс беруші ұсынған 50 жұмыс орнына орналастырылды.