БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 13 ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті, дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Жалағаш ауданы бойынша кәсіпкерлік картасына сәйкес бағдарламаның екінші бағыты аясында несие алуға өтініш білдірген 86 азаматтардың жобалары әзірленген болатын. 51 жоба «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Казагрокорпорация АКК» АҚ қаржы ұйымдарына ұсынылды. Қазіргі таңда олардың ішінен 13-жобаға оң шешім берілген.