ОБЛЫС АУМАҒЫНДА КҮН ҚАТТЫ ЫСИДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 7-9 тамызда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 42 градусқа дейін ыстық түседі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы