ҚЫЗЫЛОРДАДА ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зере Метерова тұрғындарға атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Қар¬мақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов, аудандық мәслихат депутатары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
Аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы бөлімдегі атқарылған жұмыстар, арыз-өтініштердің орындалуы туралы баяндады.
– Бөлімге 2017 жылдың 7 айында түрлі мәселелермен жекелеген азаматтардан 76 шағым түсіп, арыз иелеріне жазбаша жауап берілген. Өтініштерді қарау тәртібі қатаң қадағаланып отырады. Арыз-шағымдар есеп жүргізу тәртібімен қорытындыланып, аудан әкімі аппаратына және Қазақстан Республикасы Бас про-куратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына тоқсан сайын жолданып келеді, – деді Зере Метерова.
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл» жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындауда нәтижелі көрсеткіштер байқалағанын атап өтті.
- Бүгінгі күнге дейін партия филиалымен жемқорлықтың алдын алу бағытындағы меморандумға сәйкес түрлі деңгейде 14 дөңгелек үстел, 9 рейдтік тексерулер өткізілген. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 7 рет құқықтық оқу өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың қауіпті залалдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деді ол.
Есептік кездесу соңында жиылғандар аудандық бөлімдегі атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық баға беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы өз ойларын ортаға салды.